Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Түркістан облысындағы туризмді дамыту мақсатында ашылған «Шаға» жағажайы қараусыз қалды. Кешеннің құрылысына 9 млрдтан астам қаржы қаралған еді. Соның 7 млрд теңгесі игерілді. Орталық 3 жыл бұрын пайдалануға берілгенімен, құрылыстың сапасыздығынан және су тасқыны салдарынан толық іске қосылмады . Мердігер мекеме өз міндеттемелерін орындамағандықтан, оларға 1 млн теңге айыппұл салынды. Қаржы болмаған соң жағажайдың екінші бөлігінде де жұмыс тоқтап тұр. Қазір облыстық экономикалық тергеу департаменті бұл жобаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бір қызығы, тергеу барысында кінәлі тұлғалар әлі анықталмаған. Ал облыстық Туризм басқармасының басшылығы жағажайды жалға алған мердігерлер қалпына келтіріп береді деп сендірді.
Нұрдәулет Медеуов, Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы:
Бұл жерде екі кәсіпкерге ғана жалға берілген. Сол уақыттағы жалға алушы егер мүмікке қандай да бір ақау келтірген болса, соның есебінен ретке келтіріледі. Ол мәселелер ретке келтіріліп жатыр.
Айнұр Ақбаева
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...