Спорт саласында 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылды
Спорт саласында 1,3 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Бұл қаржы қажетсіз іс-шараларға, заңсыз қосылған жалақы үстемақы ...
Премьер-министр Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесті. Жиында Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Жоба бойынша қуаты жылына 500 мың бұйымға дейін санитарлық-техникалық өнім шығару жоспарланған. Жоғары технологиялық зауыт өнімдері ішкі нарыққа және Орталық Азия елдеріне экспортқа шығаруға бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі 70 млн еуро деп бағаланды. Жоба 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Кездесу соңында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Roca Group арасындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.
Сантьяго де Гомар Рока, Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы:
Қазақстан – Орталық Азиядағы әлеуетімізді арттыру үшін сенімді серіктес ел. Біз сіздерді бүкіл аймақ үшін тиімді жұмыс істей алатын өнеркәсіптік және логистикалық хаб ретінде қарастырамыз. Елде өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасалған және Қызылорда облысындағы жоба жергілікті экономиканың дамуына үлес қоса отырып, халықаралық стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналатынына сенімдіміз.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:
Қазіргі таңда өндіріс индустриялық аймағының инфрақұрылымы дайын. 20 гектар жер телімдері берілді. Индустриялық аймақ Қызылорда қаласында орналасқан. Зауыт Орталық Азиядағы құрылыс саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналады деп күтілуде.
Қуан Нұрақын
Спорт саласында 1,3 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Бұл қаржы қажетсіз іс-шараларға, заңсыз қосылған жалақы үстемақы ...
Елімізде ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін өнімнің 40 пайызы ғана өңделеді. Қалған 60 пайызы шикізат күйінде экспор ...
Биыл 5 айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6% өскен. Мұндай нәтижеге бірқатар саладағ ...