Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер қаржысына 14 медициналық мекеме салынып жатыр. Соның бірі – Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылында ашылып, ел игілігіне берілді. Енді шалғайдағы ауыл халқы қала мен аудан орталығына сабылмай, қажет ем-шараны өз елді мекендерінен алатын болды.
Көнеккеткен ауылы облыс орталығынан 150 шақырым қашықта орналасқан. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт елді мекеннің мыңнан аса тұрғынын сапалы ем-доммен қамтиды. Енді бас ауырып, балтыр сыздағанда ат арытып, алысқа бармайтын болдық дейді олар.
Сәрби Сұлтанғалиева, ауыл тұрғыны:
Бәрі де жақсы. Осылай жақсылық бола берсін. Алдағы уақытта бейнет көрмей, ауылдан емделіп, ауылдан тәуір болып кетейік, мына ақ халаттылар аман болсын.
Тұрлан Сапарғалиев, ауыл тұрғыны:
Фельдшерлік-аукушерлік пункт ашылды. Керемет ғимарат. Ауылдықтар соған қуанып жатыр. Қуанышымызда шек жоқ. Тек алда соның игілігін көрейік дейміз. Суымыз бар, газымыз бар, Мәдениет үйіміз бар, енді медпунктіміз бар.
Пунктте акушерлік, екпе, ем-шара және физиотерапия кабинеттері бар. Емдеу мекемесі заманға сай жабдықталған. Жалпы аумағы 260 шаршы метр. Бір ауысымда 40 адамға дейін қабылдай алады. Соңғы 5 жылдан бері өңірде 50 медициналық мекеме қолданысқа беріліп жатыр.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
2023 жылы 12-ін салдық, 2024 жылы 14 осындай жаңа ғимарат салдық. Биыл, міне, 2025 жылы тағы 14-ін аяқтағалы отырмыз. Соның бірі — фельдшерлік-акуше рлік пункт сіздің ауылыңызда. Осындай керемет ғимарат көптен аңсап, көптен ойларыңызда жүр еді. Соны мемлекет, міне, салып беріп жатыр.
Медициналық нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ел игілігіне беріліп жатыр. Соңғы 14-не қайтарылған активтердің қаржысы жұмсалды.
Ардақ Мұратқызы
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...