Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Қостанай қаласында жаңа бөбекжай-бақша ашылды.
Мекеме 280 орынға арналған. Осылайша облыс бойынша, екіден алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 40 пайызға артты. Соңғы жылдары өңірде бірнеше балабақша пайдалануға берілді.
Әуежай ауданындағы жаңа бөбекжай-бақшаның құрылысына жергілікті бюджеттен 1 млрд 600 млн теңге бөлінді.
Вера Абитова, №40 бөбекжай-бақшаның директоры:
- Бұл жерде 16 топ болады. 11-і қазақша, қалғаны орысша. Балалар екі жасынан қабылданады. Сонымен қатар оларға қосымша би, дене шынықтыру, оңалту сабақтары болады.
Бұл жаңа шағын аудандағы алғашқы мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымы. Сондықтан бұған дейін алысқа барып жүрген ата-аналар дән риза.
Кристина Подолян, қала тұрғыны:
- Балабақша үйіміздің қасында тұр. Өте қуаныштымыз. Менің балам бір жарымда. Кезек келген соң осында барамыз.
Балабақша орны онлайн кезек арқылы беріледі. Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымы шілде айынан бастап жұмыс істейді.
Динара Есләмова, №40 бөбекжай-бақшаның әдіскері:
- Біздің балаларымыз мектепке дейінгі үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жұмыс жасайды. Жалпы біз 2 жастағы балаларды ценсорлық қабілеттерін, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамытамыз.
Өңірде 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтылған. Енді екі жастағылар үшін тағы 5 бөбекжай — бақша салынады.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Наталья Строкова, Ермек Мұхамедияров, Сергей Хаймин
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...