Павлодар облысындағы дауылдан кейін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр
Павлодар өңірінде қатты дауыл тұрып, көлікке дейін төңкеріп тастаған еді. Өкінішке орай, Ақсу қаласында ә ...
Ел өңірлерінде вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі штабтар құрылады.
Премьер-министр Олжас Бектенов егіс алқаптарын суару кезеңіне арналған кеңесте осындай тапсырма берді. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу, тіршілік нәрін заңсыз пайдаланушылармен күрес шараларын күшейту тапсырылды. Су ресурстары және ирригация министрлігіне көршілес елдермен трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастықты нығайту, су беру лимиттерін бақылау жүктелді. Вегетациялық кезеңде спутник деректерін пайдалана отырып, су тапшы аймақтарды мониторингілеу қажеттігі де айтылды. Шу, Талас және Сырдария өзендеріндегі жағдай, суды әділ бөлу мәселелеріне назар аударылып, министрлік, аймақ басшыларының баяндамалары тыңдалды. Бүгінде «ҚазСу Шар» шаруаларға су жеткізу бойынша 22 мыңнан астам келісімшарт орнатқан.
Нұржан Нұржігітов — ҚР су ресурстары және ирригация министрі:
- Жалпы республика бойынша 12 млрд текше метр су жинау жоспарланған. Оның 97%-ы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылық алқабын суару үшін оңтүстік өңірлерге қажет. Соның ішінде ҚазСуШар-дың биылғы алдын ала жоспарына сай, суару мақсатына арналған 8,8 млрд текше метр судың 3,9 млрд текше метрі жиналды. Бұл вегетациялық кезеңге арналған жоспардың 44 пайызын құрайды. Кезең аяқталғанға дейін тағы 4,9 млрд текше метр суды жеткізу қажет.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі
Павлодар өңірінде қатты дауыл тұрып, көлікке дейін төңкеріп тастаған еді. Өкінішке орай, Ақсу қаласында ә ...
Жуырда отандық суперкомпьютер іске қосылады. Бұл туралы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының төрағасы Бағ ...
Еліміздің Конституциясы туралы кітап жарық көреді. Жаңа оқулық балаларға арналады. Қазір бұл бағытта қаза ...