Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Елімізде арнайы құрылғылардың арқасында орман өрті 3 есеге азайды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, бүгінде Ертіс орманы, Бурабай, Көкшетау және Алматы ұлттық паркінде биіктігі 30 метрлік антенналар орнатылған. Ол өртті ерте анықтап, қауіп-қатер туралы мәлімет береді. Осындай заманауи құрылғылардың көмегімен Баянауыл, Қарқаралы, Жасыл аймақ сынды өртке бейім 23 орман шаруалығы анықталған. Министрлік қазір ауаның ластануын және табиғи полигондарды ғарыштан бақылау, ормандарды заңсыз кесуден сақтау сынды жұмыстарды цифрландырып жатыр.
Төрегелді Айнабеков, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің департамент директоры:
Алдағы бес жылға өзіміздің цифрлық трансформация картасын әзірледік. Онық ішінде «Blockchain», «Big Data», «ЖИ» мен жерсеріктік бақылау технологиялары бар. Ең ірі жобалардың бірі ол қоршаған орта мен табиғи ресурстар банкі. Бұл платформада бүкіл экологиялық деректер жиналып, талдау жұмыстары жүргізіледі.
Нұрсұлтан Тілектес
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...