Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Оқу, білім ешқашан кештік етпейді.
Мұны 74 жастағы Валентина Проскурина да дәлелдеді. Зейнет жасындағы тараздық әйел университетті тәмамдап, заңгер атанды. Енді белсенді түлек мамандығы бойынша жұмыс істеп, заң саласында сұранысқа ие маман болуды армандайды.
Бұл Валентина Проскуринаның екінші жоғары білімі. Бұған дейін инженер-экономист болған, енді Тараздағы университеттің заң факультетін үздік тәмамдады. Айтуынша, бұл білім жұмыс барысында қажет болады. Қазіргі уақытта Валентина Павловна мектепке дейінгі тәрбие саласында сарапшы. Бұл салада жиі даулар туындайды. Сондықтан ол заңгер болуды нақты мақсат еткен.
Валентина Проскурина, университет түлегі:
- «Сіз экономистсіз, заңға қандай қатысыңыз бар?» дегендер болды. Сонда мен: «Менде заңгер дипломы бар» деп нақты айта алу үшін осы жолға бел будым.
Білім саласында жарты ғасыр еңбек еткен Махметғали Сарыбеков мұндай жастағы студентті алғаш рет кездестіріп отыр. Айтуынша, Валентина Павловна жастарға үлгі болды.
Махметғали Сарыбеков, университет ректоры:
- Оқу қай жаста болса да кеш емес. Ол кісі кезінде экономика саласы бойынша бір білім алған. Осындай түлектеріміз көбейсе, біз қуанамыз. Себебі жастарымыз оларға қарап сап түзейді. Оларға қарап жауапкершілікті үйренеді.
Екі жыл бойы бірде-бір сабақты қалдырмаған Валентина Павловна жаңа білім көкжиегін ашты. Ол үшін жас – жай ғана сан.
Валентина Проскурина, университет түлегі:
– Әр туған күн – жаңа білім, жаңа тәжірибе. Мен 120 жасқа дейін өмір сүріп, белсенді әрі еңбекқор болғым келеді.
Қазір Валентина Проскурина Алматыда тұрады. 20-дан астам кітап пен мақала жазған. 9 немере мен 2 шөбере сүйіп отырған әже енді магистратураға түсуге ниетті. Өйткені оқу ешқашан кеш емес.
Анастасия Сулейманова, Тимур Сейлхан, Эльдар Байділда
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...