• 21-11-2025

Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Кездесуде бірлестік аясындағы ықпалдастықты дамыту перспективасы талқыланды. Президенттің айтуынша, Қазақстан ұйымның тиімді әрі теңгерімді халықаралық құрылым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты. Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.