Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Алматыда Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында кешкі уақытта Toyota Haiz шағын автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жолға күтпеген жерден шыққан, ал жүргізуші оны қалың қардың салдарынан кеш байқаған.
Қатты соққының әсерінен жаяу жүргінші жол жиегіне ұшып кеткен. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм жақын маңдағы үйдің тұрғыны болған. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен небәрі 20 метр қашықтықта жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.
Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...