Үкімет 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов үкімет отырсынан кейін өткен брифингте елімізде тағы бір кәсіби мереке бекітілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев үкіметке азаматтар мен кәсіби қауымдастықтардан белгілі бір күндерді мемлекеттік немесе кәсіби мерекелер деп тану туралы өтініштер көптеп түсетінін мәлімдеген еді. Осыған байланысты БАҚ өкілдері еңбек министрлігі өкілінен ресми түрде Энергетик күні бекітілуі мүмкін бе екенін сұрады.
- Бүгінде Энергетик күні бойынша мәселе бұйрықты бекітуге келіп тіреліп тұр. Жоба әділет министрлігінде. Егер жақын арада келіссек, күнін 22 желтоқсанға бекітеміз, – деді вице-министр.
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...