Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Өзбекстан үкіметі Абайдың 180 жылдығын атап өту бағдарламасына 152 млн сум қаржы бөлді . Бұл сома мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, қала мен аудан, ауылдарда өтетін жыр мүшәйраларының жүлдегерлеріне бағалы сыйлық алуға жұмсалмақ. Өзбекстан жазушылар одағында өткен жиында қазақтың ұлы ақыны жайлы ғылыми жұмыстар таныстырылып, өзбек тіліне аударылған Абай шығармаларына талдау жасалды.
Еске салайық 2018 жылы Өзбекстан президентінің қаулысымен елде Абай күнін атап өту бағдарламасы бекітілген. Жыл сайын 10 тамызда Ташкенттегі ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоғын қою салтанатты шарасы ұйымдастырылып, екі ел ғалымдарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өткізу дәстүрге айналған.
Серікбай Үсенов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы:
- Ұлы Абайдың 180 жылдығын атап өтіп жатырмыз. 9 тамыз күні халықаралық конференция өтеді. Кешқұрым концерт. Үлкен той жасаймыз. Облыстарда көкпарлар, мектептерде, жоғарғы оқу орындарының арасында мүшәйралар өтіп жатыр.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...