
Абай облысы Үржар ауданында үш күн қатарынан жауған қардың қалыңдығы таулы аумақтарда бір метрден асты. Ал жазық жерлерде 50-60 см дейін қар түскен. Жергілікті тұрғындар шамадан тыс жауған қарды видеоға түсіріп, желіде жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үржар ауданында бірнеше күн толассыз жауған қар жергілікті тұрғындарды әлекке салды. Салдарынан электр желісі үзілген.
Тұрғындар желіде видео жариялап, қардың адам бойынан асып кеткенін айтады.
"Қарқынды (иттің аты — ред.ескертпесі) қар басып тастады. Жол жоқ, міне иттер қожайынымен бірге көміліп жүр. Адамның басынан асып кетті мына қар", — дейді видео авторы.
Instagram-да Үржар аудан әкімі Ақылбек Башимбаев тұрғындарға жағдайды өз бақылауына алғанын, қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан мәлім етті. Әкім аудан тұрғындарынан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.
"7 наурыздан бастап ауданымызда таулы аймақтарда 1 метрден астам қар жауды, жазық жерде 50-60 см дейін дымқыл қар түсіп отыр. Қазіргі таңда 35 елді мекенде 87 арнайы техника жұмылдырылып, қар тазалау жұмыстары атқарылып жатыр. Үржар ауылының өзінде 118 көшенің 70 пайызы тазаланды. бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандардың тазалығы қамтамасыз етілді.Қалың қардың салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Бұл ретте электростанцияның арнайы 9 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Жетінші наурызда 5 елді мекенде электр қуаты сөнген болатын. Қазіргі таңда толығымен іске қосылды. Барлық жағдай менің тікелей бақылауымда. Осыған қатысты аудан тұрғындарына түсіністік танытуларыңызды сұраймын", — дейді аудан әкімі Ақылбек Башимбаев.
TOP
-
Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаев "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылмақ
14.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Президент: жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен “коучтар“ көбейіп кетті
14.03 -
-
-