• 21-11-2025

Семейде Түркістан облысының мәдениет күндері басталды

Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Түркістан облысының мәдениет күндері басталды.

Шара аясында оңтүстіктен келген кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізіп жатыр. Тұрғындарға табиғи әрі сапалы өнімдер ұсынылуда. Түркістандық диқандар сауда-саттыққа 540 тонна азық-түлік қойды. Бүгін жәрмеңкеге үш мыңнан астам семейлік келді. Көпшілік қарбыз, қауын және көкөністерді арзанға сатып алды. Сонымен қатар қолөнершілер көрмесі, ұлттық тағамдар фуд-корты мен концерттік бағдарлама өтті. Абай жеріндегі Түркістан облысының мәдениет күндері 3 тамызға дейін жалғасады.

Ермұхаммед Құралбеков, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Жәрмеңкеде жалпы 540 тонна тауарларды оның ішінде 194 тонна көкөніс, 21 тонна картоп, 81 тонна бақша және жеміс-жидек. Қалған басқа да қайта өңдеу өнімдері бал, балық өнімдері алып келіп Семей қаласының қонақтары мен тұрғындарына нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынатын боламыз.

Сағдат Сыздықбаева, қала тұрғыны:

- Мұнда өте арзан. Анау алыстан келгеннен кейін халықтың орайына қарай келіп тұр деп ойлаймын. Өте ризамыз. Кеше концертте болдық. Өзіміздің жерлестерімізді көрдік.