Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Каспийдің деңгейі жыл сайын 70 сантиметрге төмендеп барады.
Бес мемлекетке ортақ теңіздің қазақстандық бөлігінде жағалау сызығы 18 шақырымға шегініп кеткен. Ақтауда бас қосқан табиғат жанашыларлары бұл құбылысты экологиялық апатқа теңеп отыр. Жиынға тәуелсіз сарапшылар, жергілікті уәкілетті органдармен қатар, халықаралық ұйым мүшелері онлайн түрде қатысты. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер теңіз суының жалпы аумағы 70 мың шаршы шақырымға дейін шегініп кеткенін көрсеткен. «Каспийдің жылдам тайыздануына оған құятын 130 өзеннің көбінің тартылып қалуы, әсіресе Еділдің бойында 12 су электр станциясы салынуы тікелей әсер етті. Мәселенің ғаламдық деңгейге көтерілмеуін, Каспий маңы елдері бірлесе әрекет ету арқылы ғана, тоқтата алады» десті форумға қатысушылар.
Орынбасар Тоғжанов, «Amanat» партиясы жанындағы экологиялық кеңестің төрағасы:
- Каспий Аралдың тағдырын бастан кешуі тікелей мүмкін. Келетін судың мөлшері көбейеді екен деп үміттенудің қажеті жоқ. Олай болатын болса, басқа жобаны қарастыру қажет болады. Сонау солтүстіктегі Обь өзенінің бір бөлігін Торғай қақпасы арқылы Каспий теңізіне әкеліп құю. Екінші варианты Еуразия каналын салу. Бұл канал арқылы Қара теңізбен дәлірек айтқанда, Азов теңізі мен Каспий теңізінің арасын Қума-Манаш ойпаттары арқылы қосу.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...