Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Соңғы айда қазақстандықтардың шетел валютасындағы жинақтары азайды. Маусымнан шілдеге дейін мұндай салымдар 57 млрд теңгеге қысқарып, 5 трлн 850 млрд теңге болды .
Керісінше, теңгедегі салымдар бір айда 3,4 пайызға өсіп, 33 трлн теңгеге жетті. Қазір банктердегі ақшаның тек 21 пайызы ғана шетел валютасында сақталған. Бұл өткен айдағыдан төмен көрсеткіш. Ұлттық банктің дерегінше, қазақстандықтардың 65 пайыздан астамы ақшасын депозитте ұстайды. Олардың басым бөлігі теңгедегі шоттар. Экономистердің пікірінше, бұған теңгедегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер, инфляцияның біршама баяулауы және валюта бағамының тұрақтауы әсер еткен.
Айбар Олжаев, экономикалық шолушы:
Долларизацияға қайтып оралу екі фактіде болуы мүмкін. Біріншісі — теңгенің шоктық девалвациясы. Бір мезетте 15-20 пайызға құлдырап кетсе, адамдар долларға қайтып келе бастайды. Екіншісі — бізде инфляция түсіп, базалық мөлшерлеме төмен түсіп кетсе, онда теңгенің депозиттерінің мөлшерлемелері пайызы азайып қалады да, ол кішкене қызық емес болып қалады.
Елдос Есенбол
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...