Шерзат Полат ісі бойынша куәгерлерді тексерудің нәтижесі жарияланды
Ішкі істер министрі Ержан Саденов 2025 жылғы 13 қазанда министрліктің ішкі залдарында өткен брифингте Талғ ...
Алматы облыстық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты апелляциялық сот өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биыл 5 маусым күні сот үкімімен 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты 9 адам 23 жылдан 1,5 жылға дейін сотталды.
Атап айтқанда:
— Абзал Шынасыл 23 жылға;
— Равиль Сакиев 20 жылға;
— Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;
— Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;
— Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жылға;
— Думан Ысқақ 1 жыл 6 айға сотталды.
Думан Ысқақ шілде айында жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шыққан болатын.
Апелляциялық сот қалған 8 айыпталушының өтінішін қанағаттандырмай, алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысына сотталғандар қатысқан жоқ.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов 2025 жылғы 13 қазанда министрліктің ішкі залдарында өткен брифингте Талғ ...
Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нұрымов ұлының өлімі үшін алған өтемақыны балалар үйіне аударды, де ...
Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа мемлекет үй салып беретін болды. Бұл ақпаратты Алматы облысының Ең ...