Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында 20 құжат қабылданды, деп хабарлай ...
Қытай алдағы 10 жылда атом реакторларының санын екі есе арттырады.
Көрші ел атом энергетикасын дамытуға ерекше мән бере бастады. Мақсат — энергетикалық қауіпсіздікті түбегейлі шешу. Осы орайда жобаларды қаржыландыру көлемі де айтарлықтай ұлғайған. Ядролық энергоблоктардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Қытай үкіметі атом энергетикасын дамытуға күш салып жатыр. Әсіресе 2022 жылдан бері бұл салаға ерекше мән беріле бастады. Қазір 28 ядролық энергоблоктың құрылысы жүріп жатыр. Оның 11-і алдағы бес жылда іске қосылады.
Құрылыс қарқынды жүріп жатқан аймақтың бірі Шаньдун. Мұнда Хайян АЭС-і салынып жатыр. Қазір алты энергоблоктан тұратын нысанның үшіншісі мен төртіншісі тұрғызылуда. Бүгінде мамандар құрылыстың ең күрделі кезеңін аяқтаған. Олар салмағы 419 тонналық ірі модульді сәтті орнатты. Бұл АЭС құрлысындағы ең маңызды бөлігі саналады. Қос нысанды 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Жүзеге асса АЭС-тің жылдық қуаты 40 млрд киловат-сағат энергияға дейін артады. Бұл Шаньдун провинициясының тең жартысын тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге жетеді.
Нань Сяофэй, "Хайян" АЭС жобасының жетекшісі:
- Хайян атом электр станциясының аумағына алты энергоблок салынады. Қазір екі блок жұмыс істеп тұр. Тағы екеуі салынып жатыр. Алтауы толық іске қосылғанда жылдық қуаты 70 миллион халықтың сұранысын қамтамасыз етуге жететін болады. Ал қоршаған ортаға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемі айтарлықтай төмендейді. Сонымен қатар уездік деңгейдегі 25 қаланы экологиялық таза жылу энергиясымен қамтамасыз ете аламыз.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Қытайлар атом электр станцияларын көбейту арқылы елдің шығысындағы энергия тапшылығын жоюды көздейді. Қазір ел аумағында жалпы саны 60-қа жуық реактор тұрақты жұмыс істеп тұр. Ал 2035 жылға қарай энергоблок саны 100-ден асырылмақ. Жоспар жүзеге асса Қытай АҚШ пен Франция сияқты ядролық державалардың алдына шығады. Бұл көрші елге ядролық технологияларды шет елдерге де экспорттауға мүмкіндік береді.
Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын