ШҚО-да үш мыңнан аса оқушы қашықтан оқып жатыр
Шығыс Қазақстанда жедел респираторлы вирустың таралуына байланысты, 32 мектептің 3 мыңнан астам оқушысы қаш ...
Оның бірі ұлттық жоба аясында Құсмұрын ауылында пайдалануға берілсе, екіншісі ERG компаниясымен арадағы меморандумға сәйкес Рудный қаласында бой көтерді, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа оқу жылында есігін айқара ашқан білім ошақтарының сәулеті де, жабдықталуы да заманға сай.
Мағауия Қалиев, тілші:
- Құсмұрын ауылындағы қазақ мектебі осыған дейін соғыс кезіндегі госпиталь болған ескі ғимаратта орналасқан еді. Енді міне, соңғы үлгіде жабдықталған жаңа нысан қала мектебінен кем емес. Төрт зертхана, төрт спорт алаңы, робототехника, STEM лаборатория, коворкинг аймағы бар. 300 орындық ауыл мектебінің табалдырығын биыл 240 оқушы аттады. Ал Рудный қаласында ашылған гимназияның сыйымдылығы 1200 балаға есептелген. Қазір оларда да оқушы саны толық.
Дарина Дүйсенбекова, оқушы:
- Маған енді жаңа мектепте оқуға қуаныштымын, өте керемет. Мен өзім де осындай мектепте оқуды армандап жүрген едім. Сыныбымнан, яғни, менімен санайтын болсақ, 4 оқушы ауысты.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершлігі аясында салынған үш қабатты жаңа гимназияның құрылысына және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға ERG компаниясы 8 миллиард теңге жұмсаған. Балаларының жоғары талғаммен жасалған осындай мектепте оқитындығына ата-аналар да дән риза.
Әсем Сапарғалиева, Рудный қаласының тұрғыны:
- Біз мынандай мектепті көп жылдар бойы күттік. Мектеп өте үлкен, жарық, жаңа модификациялармен жасалған. Экологиялық жағынан да, инклюзия жағынан да балалар жақсы білім алады деген үміттеміз. Ата-ана ретінде өте қуаныштымын.
Жаңа гимназия тек заманауи білім беру ұйымы ғана емес, мұқият ойластырылған бүтін бір экожүйе. Онда инклюзивті сәулет пен қолжетімді орта, жіті ойластырылған қауіпсіздік жүйесі бар.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
- Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі. Ал тәрбие оның берік арқауы. Біздің басты мақсатымыз – оқушыларға сапалы білім берумен қатар әр баланың бойына адалдықты, еңбекқорлықты, елжандылықты сіңіру. Жаңа оқу жылында жаңа мектептің ашылуы құтты болсын. Бұл білім ордасы көптеген табыстардың бастауы боларына мен кәміл сенемін.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасымен облыста 6 мектеп салынды. Оларда шамамен 4500 бала білім алады.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров