Атырауда тауарлы балық шаруашылығы саласында бес жоба жүзеге асты
Елде балық өндірісі арта түсуі мүмкін. Атырауда 2021 жылдан бері тауарлы балық шаруашылығы саласында 5 жоба жүзеге ...
Атыраудағы мектептерде стоматологиялық кабинет ашылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
«Болашаққа сау тіспен» жобасы аясында биыл 8 білім ордасында білікті тіс дәрігерлері балаларға қызмет көрсетеді. 2028 жылға дейін 49 мектепте тіс емдеу кабинетін ашу жоспарланып отыр.
Асланбек Шығыр, тілші:
- Мұрат Мөңкеұлы атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп оқушылары енді стоматологиялық көмекті тегін ала алады. Жаңа кабинет заманауи құрылғылармен жабдықталған. Білікті тіс дәрігерлері оқушыларға кеңес беріп, сапалы қызмет көрсетеді.
Күләш Жақсылықова, балалар тіс дәрігері:
- Бұл кабинетте алғашқы көмек, стоматологиялық көмек көрсетіледі және профилактика. Соның ішінде балаларға ауыз қуысын қалай тазалап, тістерді қалай тазалауды үйретеді. Сонымен қатар стоматологиялық көмек көрсетілген кезде баллардың кариес, пульпит, периодонтит тістерін емдеуге мүмкіндігі бар.
Стоматологиялық көмек ата-аналардың рұқсатымен ғана көрсетіледі. «Оқушыларға ауыз қуысы гигиенасы жайлы кеңес беріп, стоматологиялық аурулардың алдын алуда мұндай бастаманың маңызы зор», — дейді тіс дәрігерлері. Стоматологиялық кабинет оқушы саны мыңнан асқан мектептерде ғана ашылады.
Бақытгүл Хамзина, №6 М.Мөңкеұлы атындағы мектеп директорының орынбасары:
- Бізге осы арнайы дәрігерлер келіп, осы балалардың тісін қарауға, әрмен қарай оларғамен профилактика жүргізуге, сау түс болуын әр балада өте жақсы. Бізге кабинет ашылғанына біз қуанып жатырмыз.
Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бағдарламасы аясында 2028 жылға дейін өңірде 49 стоматологиялық кабинет ашу жоспарланып отыр.
Әлия Жанғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 4 стоматологиялық кабинет ашылды. Бұған дейін Жылыой ауданында 3 кабинет іске қосылса, күні кеше облыс орталығынан біреуін аштық. Бұл ауруды дер кезінде анықтап, жедел емдеуге мүмкіндік береді.
Мұндай игі бастамадан өзге аудандағы білім ошақтары да қалыс қалмайды. Биыл Мақат, Құрманғазы, Индер және Исатай аудандарындағы мектептерде ашылады деп жоспарланып отыр.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин