Монополияға қарсы агенттік Яндекс таксиге бағасына қатысты ескерту жасады
БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті ...
Енді Қазақстанда әрбір азамат тәулігіне 140 литрден артық су пайдаланбауы керек, деп хабарлайды 24kz.
Егер нормадан асып кетсе, баға 30%-ке қымбаттайды. Министрлік бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелгенін жеткізді. Сондықтан топтық және жергілікті жүйелердегі тарифті мемлекет субсидиялап келген. Бұл бюджетке салмақ түсірді. Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың орташа тәуліктік шығыны 100-120 литр шамасында. Баға саясатына тоқталсақ. Елде судың текше метрі Шымкентте ең жоғары – 188 теңге 13 тиын. Ең төменгі баға Жамбыл облысында – 111 теңге 27 тиын. 13 қыркүйектен бастап судың әр литрі есепке алынады. Осылайша, Үкімет халықты ысырапшылдықтан арылтып, тіршілік нәрін үнемдеуге шақырмақ. Ал, ескертуді елемегендер артық пайдаланған суы үшін қосымша қаражат төлеуге міндеттеледі.
БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті ...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Орталық ...
Израильдің әскери акциясы салдарынан Қатарда зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ, ...