Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Әлем чемпионатының дебютанты Виктория Графеева тамаша нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан әйелдер құрамасының б ...
60 келідегі боксшымыз бүгін өзбекстандық Ситора Турдыбекованы жеңді. Есеп — 4:1
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.
Виктория 1/4 финалда Өзбекстан елінің боксшысы Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.
Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
12 қыркүйек күні Виктория ақтық сынға жолдаманы Ребека де Лима Сантоспен (Бразилия) сарапқа салады.
Әлем чемпионатының дебютанты Виктория Графеева тамаша нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан әйелдер құрамасының б ...