Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайды
Әлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...
Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Мерейлі шара аясында өнер ордасының жарты ғасырлық тарихын баяндайтын құнды кітаптың тұсаукесері жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Алқалы жиынға еліміздің белгілі өнер қайраткерлері, театр саласының майталмандары, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылары мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтау сөзінде театр өнерінің қоғамдағы орнына тоқталып, жарты ғасырлық белеске жеткен шығармашылық ұжымның еңбегін жоғары бағалады. Оның айтуынша, мұндай ғылыми-танымдық басқосулар өткенді саралап, өнер мен ғылымды сабақтастыруға зор мүмкіндік береді.
Шара барысында Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған бірқатар өнер жұлдыздары құттықтау тілектерін жеткізді. Ал театртанушы, өнертану докторы Бақыт Нұрпейіс өз баяндамасында театрдың шығармашылық жолына ғылыми талдау жасап, репертуарлық байлық пен актёрлік ізденістерге тоқталды. Айта кетсек, 1975 жылдан бері театр сахнасында 200-ден астам қойылым сахналанып, бүгінде 26 спектакль тұрақты түрде көрерменге ұсынылып жүр.
Конференция қорытындысында театр директоры Ерлік Жуасбек қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы шығармашылық ізденістерге табыс тіледі.
Әлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...
2025 жылы мәдениет нысандарында 51 құрылыс және 250 жөндеу жұмысы жоспарланған. Мемлекеттік қолдау және ...
Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, ұлттық өнерді әлемдік деңгейде таныту ...