Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Қырғызстанның Бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев неге жанар-жағармайды Қазақстаннан емес, Ресейден сатып алатыны туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tazabek-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ресей жыл сайын Қырғызстанға шамамен 1,2 миллион тонна жанар-жағармай жеткізеді. Елде бағаға қатысты сұрақ туындайды – егер Қырғызстанда АИ-92 маркалы бензиннің литрі 70 сом тұрса, Қазақстанда шамамен 40 сом (247 теңге – еск.) тұрады.
Көпшілікті "Қазақстанда баға төмен болса, неге Қырғызстан жанар-жағармайды Ресейден алады?" деген сауал мазалайды. Орозбаевтың түсіндіруінше, Қазақстанда халыққа жанар-жағармай бюджеттік өтемақылар есебінен төмен бағамен сатылады, ал өзге елдерге экспортталатын баға едәуір жоғары. Бұл Қазақстан заңнамасында белгіленген.
"Егер Қырғызстан жанар-жағармайды импорттау туралы Қазақстанмен келісімшарт жасасса, біздің ел үшін баға Ресейден келетін отыннан қымбатқа түседі. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстаннан жанар-жағармай сатып алуға Қырғызстанға ешкім шектеу қоймайды, бірақ қазір ол экономикалық жағынан қолайлы емес", – деп түсіндірді шенеунік.
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...
t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауд ...