Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындарда алаңсыз қыдырып жүрген халық дүрліге далаға қашты. Дегенмен Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінген жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Өз кезегінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі төмендегідей ақпарат таратты.
"ҚР ТЖМ «ҰССО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 16 сағ. 25 мин. 19 сек. жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 с.е. 76.824 ш.б.
Координаттары: 43.165 с.е., 76.824 ш.б.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV – 3.8".
Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ. Дегенмен, 101 және 112 нөмірлеріне қоңыраулар түсіп жатыр. Сейсмологтардың датчиктері тіркеп, Mass Alert автоматты түрде іске қосылды.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алаңдауға еш негіз жоқ екендігін, қосымша ақпараттар берілетіндігін мәлімдеді.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...