Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы жыл соңына дейін 100% табиғи газбен қамтылады.
Қазір 4 ауылға газ құбырын жүргізу жұмысы аяқталып, тұрғындар көгілдір отынды үйіне кіргізіп жатыр. Ал облыс алдағы 4 жылда толыққанды газбен қамтылады, дейді мамандар.
Мерей Бает, тілші:
- Жамбыл ауданында 31 елді мекен болса, бүгінде оның төртеуі табиғи отынсыз отыр. Солардың бірі біз тұрған Тоғызтарау ауылы. Мұнда 500-ден аса адам тұрады. Жұрт қыс түссе облыс орталығынан көмір тасып әлек. Айтуларынша, бір үйді жылытуға 200-300 мың теңге жұмсайды. Аудан билігі мәселені шешу үшін былтыр газ желісін жүргізген. Қазір ауыл тұрғынының 90 пайызы ауылішілік құбырға қосылып қойған.
Мұхит Оңғарбаев, Тоғызтарау ауылының тұрғыны:
- Бұрын көмірді Тараз қаласынан таситынбыз. Бір қысқа мен енді өз үйіме 5 тоннадай көмір жағамыз. Ол біраз шығын болатын. Енді газға дайындалып отырған себебіміз де осы. Ескі жүйені системаны барлығын алып тастап, пешті алып тастап жаңа газға дайындалып, пешімізді сатып алып күтіп отырмыз. Газ болса бүкіл ауыл болып қуанайын деп отырмыз ғой.
Мерей Бает, тілші:
- Бүгінде Тоғызтараумен қоса Жаңа Өткел, Құмсуат, Сеңгірбай елді мекендерінің ауыл ішілік газ желісі жүргізілген. Оған республикалық қазынадан 364 млн теңге бөлінді. Енді табиғи отынға қосылу үшін көрші Талас ауданындаға Қожағаппар-Майтөбе магистральды желісі қолданысқа берілуі тиіс.
Нұрлан Несіпбеков, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:
- Газ бізге Талас ауданынан қосылады. Майтөбе елді мекеніне баратын АГРС құрылысы бар. сол қосылған күні біз табиғи газды қосуға 100 пайыз дайынбыз. Осы 4 елді мекенді біз газбен қамтысақ жыл соңына дейін біздің аудандағы елді мекендердің 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.
Мерей Бает, тілші:
- Аталған Қожағаппар-Майтөбе магистральді желісі іске қосылса жалпы 10 елді мекеннің 5 мыңға жуық тұрғыны табиғи газбен қамтылады. Соның есебінен табиғи отынға қосылған халықтың үлесі 91,8% болмақ. Ал Энергетика басқармасындағылар жылма-жыл жоспарланған қажетті қаржы бөлінсе, 2029 жылға дейін өңірде газсыз отырған 83 елді мекеннің барлығы табиғи отынға қоспақ.
Мерей Бает Тимур Сейілхан Елдар Байділдә