“Кореядан арзан көлік алдыртамын“. Астанада алаяқтық әшкере болды
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Бақытжан Базарбек елдің төзімін тауыса бастаған мәселеге тоқталды — полицияның өз ішінде жемқорлық өршіп бара жатқанын ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Біз халықтың сенімін арттыру үшін полицияны реформаладық, бюрократияны азайттық. Бірақ нәтиже керісінше болды — пара алатын полицейлер көбейді», — деді депутат.
Оның сөзінше, елдің түкпір-түкпірінде учаскелік полицейлер пара, ұрлық және алаяқтық істерімен сотталып жатыр. Базарбек келтірген нақты мысалдар қоғамды дүр сілкіндірді: Ақтөбеде полицей 1 миллион теңге пара талап еткен, Солтүстік Қазақстанда — алаяқтық жасаған офицер сотталған, Жетісуда — 24 миллион теңгенің айғақ затын ұрлаған, Шымкентте — ақша алып, боди-массаж салонын «крышевалаған», Қарағандыда — полиция бекетінде әйелдің мәйіті табылған, ал тәртіп сақшысы ес-түссіз күйде жеткізілген.
«Халық қорған іздесе, полицейден қорқатын болды. Бұл — елдің ішкі қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер!» — деп ашуланды депутат.
Министр Ержан Саденов та фактілерді жоққа шығарған жоқ. Ол мұндай жағдайларға полиция кадрларын дұрыс даярламау себеп болғанын мойындады.
«2018 жылы полицейлік бакалавриат жабылды. Содан бері азаматтық мамандарды екі айлық курспен қабылдадық. Ал нағыз офицерді екі айда тәрбиелеу мүмкін емес», — деді министр.
Министрліктің дерегінше, қазір жүйе қайтадан кәсіби оқытуға көшіп жатыр. 2028 жылдан бастап жылына 1000-нан астам кадр дайындалмақ.
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Депутаттар ұсынған маңызды түзетулердің дені қабылданбаған. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс коде ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...