Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Астанада «EXPO» халықаралық көрме орталығында ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмелері – KazAgro/KazFarm-2025 өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Германия, Чехия, Австрия, Беларусь, Иран, Ресей және Қытайды қоса алғанда барлығы 25 елден 300-ден астам компания қатысып жатқан KazAgro/KazFarm көрмелері аграрлық секторға арналған заманауи технологиялар мен шешімдерді ұсынады – дрондар мен дәл егіншілік жүйелерінен бастап жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды платформаларға дейін. Әлемнің жетекші аграрлық державаларының ұлттық павильондары өсімдік пен мал шаруашылығы, цифрландыру және тұрақты өндіріс салаларындағы инновацияларды таныстырып жатыр.
Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, тәжірибе алмасу және екі ел арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатындағы негізгі іс-шаралардың бірі – Қазақстан-Беларусь форумы, екі ел арасындағы аграрлық әріптестіктің деңгейі жоғары.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше биылғы көрме шеңберінде жастар бастамалары мен цифрлық технологияларға ерекше көңіл бөлінген. «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен AgroHackathon шеңберінде аграрлық жоғары оқу орындарының студенттері «ақылды» егіншілік, биотехнология және өнімділікті цифрлық мониторингтеу бағыттарындағы стартап-жобаларын таныстырып жатыр. Ең үздік жобалар эксперттік және инвестициялық қолдауға ие болады.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...