Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Жетісу мен Жамбыл облыстарындағы қант зауыттары 225 мың тонна қызылша қабылдады.
Атап айтқанда, Көксу қант зауытында шикізат тәулік бойы қабылданып жатыр. Онда аумағы 9 гектарлық сақтау алаңы дайындалған. Сондай-ақ Ақсу қант зауыты — 92 мың тонна, Меркі қант зауыты 65 мың тонна қызылша қабылдады. Қазір аталған екі өңірде қызылша алқаптарының 38%-ға жуығы жиналған. Гектарына 450 центнерден өнім алынып жатыр. Айта кетейік, Көксу қант зауыты 2027 жылға дейін өндіріс қуаттылығын 250 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Жаңғырту жұмыстарына 29 млрд теңге инвестиция бағытталмақ. Ақсу қант зауытының тәуліктік қуаттылығын келер жылы 4 жарым мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...