Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Түркістанда 15 жастағы оқушы аяусыз соққыға жығылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Түркістанда әлдекімдер 15 жастағы жасөспірімді зиратқа алдап шақырып, аяусыз соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жүрек тұсынан соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған.
"Олар төртеу болған. Кезекпен ұрып, екі рет айналып шыққан, сонда сегіз соққы жасаған. Барлығы жүрек тұсына тиген. Олар жүрегі тоқтағанша ұрған. ...Тіл тартпай кеткен. Кейін бізді тек есінен танып қалғанына сендірмек болды. Мен жеткенде, інім қайтыс болғанына шамамен қырық минут өткен", — дейді марқұмның ағасы.
Желіде жасөспірімді бірнеше ай бойы қорқытып, ақша талап етіп жүргені де жазылған.
Оқиға 3 қарашада болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған. Полицейлер күдіктіні, сондай-ақ, оқиғаға қатысқандарды ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...