Сұмдық статистика: 19 мыңға жуық жас қазақстандық микронесиесін төлей алмай жүр
Бұл туралы Naryk.kz телеграм арнасы жазды. 20 жасқа толмағандар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін ж ...
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев нәрестелер өлімін төмендету тұрғысында елеулі ілгерілеушілік бар екенін айтты. Биылғы жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% — ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Т.Сұлтанғазиев айтуынша, мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болып отыр.
Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай, Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Сала министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ведомство балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады. Сол орайда ерекше назар аударылып отырған жайттар:
- медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде педиатриялық стационарлар мен қызметтерді дамыту;
- ерте араласу орталықтарын құру және кеңейту;
- патронаж қызметін нығайту және оны толықтыру;
- балалардағы аурулардың алдын алуды және ерте анықтауды күшейту.
«Әр баланың денсаулығы – біздің басымдығымыз. Біз әр өңірде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз», деді бірінші вице-министр Т.Сұлтанғазиев.
Бұл туралы Naryk.kz телеграм арнасы жазды. 20 жасқа толмағандар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін ж ...
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
Скрининг ретинопатия қаупі бар 6225 баланың 17 пайызында сырқат белгілерін анықтаған. Олардың 399-ына жедел ем жасалды ...