2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) бір клубына бас бапкер болып тағайындалмақ, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дереккөз мәліметінше, алдағы күндері Әли Әлиев ресми түрде "Жеңіс" клубының бас бапкері болып тағайындалады. Бұған дейін елордалық команданы басқарған украин маманы Андрей Демченко клубтан кетіп қалған.
Еске салайық, Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчінде Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен отставкаға кеткен болатын. Алайда қазір Қазақстан құрамасының бас бапкері болып отырған Талғат Байсуфинов Әлиевтің ұлттық команданың жаттықтырушылар штабы құрамында қалуын сұраған.
Бұған дейін Әлиев ҚПЛ-дің бірнеше клубында – "Қызылжар" мен "Шахтерде", сондай-ақ "Астананың" жастар командасында жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...