07 желтоқсан 2025 жыл - 19:00 жаңалықтар топтамасы
...
Өскеменде көше жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады.
Мамандардың айтуынша, қаладағы шамдардың жарық беру деңгейі халықаралық талаптарға сай. Қазір коммуналдық қызметке осындай міндет қойылып отыр. Өйткені облыс орталығының кейбір көшелерінде жарықпен қамту мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген.
Қазір Өскеменнің орталығы, оның ішінде бас даңғылы ғана жарқырап тұр. Ал қаланың шеткі аудандары мен сол жағалауындағы жағдай мүлде басқа. Тұрғындардың айтуынша, кешке қарай көшелер қап-қараңғы түнекке айналады. 2020 жылдан бері облыс орталығында 12 мың жарық шамы орнатылған. Өкінішке қарай, оның жартысы істемей тұр. Осыған байланысты жергілікті әкімдік мердігер ұйымды сотқа берді. Бүгінгі таңда жарықтандыру жүйесіне мемлекеттік – жеке меншік орталығы жауап береді.
Александр Хасис, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі орталығының басқарушы директоры:
- Сәтпаев, Назарбаев, Бажов, Протозанов, Славский көшелерінде мәселе болды. Бұл қаланың орталық аумағы болып саналады. Біздің мамандар 2 мың жарық шамды ауыстырды.
Қазір Өскеменнің жарықтандыру жүйесі бейне камераларымен бақыланады. Жергілікті билік өкілдері импорттық жарық шамдардан бас тартып, қуат көзін үнемдейтін «ақылды құрылғыларды» орнатуды жоспарлап отыр.
Зоя Новолодская, кәсіпорынның электротехникалық даму жөніндегі директоры:
- Біз қазір Пермитин көшесін жарықтандыру смарт жобасын әзірледік. Жарты жыл бұрын орнатылған жарықшамдар өз тиімділігін көрсетті. Оны Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай елдерінің мамандары құрастырды.
Келесі жылы Өскеменнің барлық көшесіне осындай жарық шамдар орнатылады. Қазір коммуналдық қызмет мамандары жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар қаладағы электр желілерін жөндеу жоспарланып отыр.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Аст ...
Елордадағы №70 мектеп-лицейі еліміздегі жетекші ай-ти компаниялардың бірімен келісім-шарт жасасты. Осының н ...