Қазақстан мен Франция Астанада авиациялық оқу орталығын құрады
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған авиациялық оқу орталықтары Еуропалық ұшулар қауіпсіздігі агенттігі (EASA) белгілей ...
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету жұмыстарын тоқтатпай жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қалада патрульдік жасақтар саны арттырылып, жол-патрульдік полиция тәулік бойы бақылауды күшейтті.
«Полицейлер көктайғақ жолдарда қозғалысты реттеп, қатты жел салдарынан қиындыққа тап болған көліктерге көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың айналасында құқық бұзушылықтардың алдын алу рейдтері де жалғасады», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайда қалған азаматтарға қолдау көрсетіліп, қарлы боран кезінде жолда қалған жүргізушілер, бағытынан адасқан жаяу жүргіншілер және жедел көмек қажет адамдарға жәрдем беріледі.
Полиция департаменті қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтермен бірлесіп, жолдардың тазалануы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын үйлестірді.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған авиациялық оқу орталықтары Еуропалық ұшулар қауіпсіздігі агенттігі (EASA) белгілей ...
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...
Бүгінде Астана – заманауи инфрақұрылымы, озық технологиялары, білікті мамандары және қолжетімді бағалары бар қала. ...