Президент Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барады. Сапар 11-12 желтоқсанға жоспарланған. Бұл туралы Ақор ...
Үш жыл бұрын жазасын өтеушілерден шамамен 800 шағым түскен болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 165-ке дейін төмендеген.
Бұл туралы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев мәлімдеді. Астанада Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай конференция өтті. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымы, Жоғарғы сот, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі және қылмыстық-атқару жүйесінің өңірлік департамент өкілдері қатысты. Жиында қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтарын халықаралық міндеттемелерге сәйкестендіру мәселелері талқыланды. Артур Ластаевтың айтуынша, азаптауға қатысты шағымдардың азаюымен қатар, тергеу изоляторларында өкілетін асыра пайдаланған лауазымды тұлғаларға қолданылатын жазалар саны артқан. Сондай-ақ түрмелер мен түзету мекемелеріндегі бақылау күшейтілді.
Жарқынбек Бақашбаев, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары
- Әлде де сотталғандар санын азайту бағытында шартты түрде босату, басқа бас бостандығынан айырудан басқа жазаларға ауыстыру бағытында жұмыстар әлде де жалғасын тауып жатыр. Оның ішінде әйелдер мен жүкті әйелдерді бас бостандығынан айырмау бағытында жұмыстар бүгін осы конференцияда талқыланып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барады. Сапар 11-12 желтоқсанға жоспарланған. Бұл туралы Ақор ...
Тәуелсіздік — баға жетпес құндылық. Егемендік жолында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын ...