Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті.
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйға берді. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті.
Оқи отырыңыз: АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдіктерге арналған жұмыс визасын қымбаттатты
Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттады.
АҚШ президенті мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...