• 29-04-2026

Путин мен Назарбаев не туралы сөйлесті?

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге сапарлап, президент Владимир Путинмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.


Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу Путиннің Кремльдегі пәтерінде өткен.

«Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті», деп жазылған хабарламада.

Ежелгі жолдастардың етене әңгімесі мамыр айының аяғында да болған. Онда тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл сапардың жеке әрі бейресми сипатта болғанын арнайы атап өткен.

Ал өткен жылы желтоқсан айының ортасында кездескен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Ana tili» газетіне берген сұхбатында бұрынғы президенттің Ресейге сапарынан құлағдар екенін білдірген. Оның айтуынша, 2024 жылы Назарбаев Путинге бір емес, екі рет барған, біріншісі күздің басында, екіншісі желтоқсанда.

«Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.