Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Түнде Оралдың Деркөл кентінде қарғын су тас жолды шайып өтті. Сарыарқа шағын ауданында қалың қардың еруі салдарынан қалаішілік жолдың ойпатты бөлігіне су жиналып, екі шағын ауданды байланыстыратын жолға жайылған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, елдімекендерге қауіп жоқ. Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Құтқарушылар мотопомпаның көмегімен суды жолдың екінші жағына айдап, қарғын суды тоқтатты.
Жалпы тасқынның алдын алу жөніндегі қалалық штабтың жедел желісіне 150-ден астам шақырту түскен. Кейбір жеке тұрғын үйлердің ауласын су басқан. Мұның себебі тұрғындардың ауладан уақытылы қар шығармауы, дейді жауапты мамандар. Ай басталғалы қаладан 470 мың текше метр қар шығарылып, 30 мың текше метр су сорылған. Сондай-ақ 95 шақырым арық қар мен мұздан аршылған. «Қазгидромет» бүгін өңірде жаңбыр жауып, күн + 10, 16 градусқа дейін жылынатынын ескертті.
Абылай Нұрмақов, қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:
Өтінім түседі, соның негізінде түнгі немесе күндізгі ауысым жұмысшылары барған кезде тұрғындардың ішкі ауласынан қар шығармағаны анықталып жатыр. Бірақ оған қарамастан, су сору техникасымен көмектесіп жатырмыз. Су аулаға кіруінің себебі сол қар уақытылы шығарылмаған.
Ардақ Мұратқызы
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...