
2024 жылы Қазақстанға сырттан келгендердің саны 15,3 пайызға артқан. Шетелден тұрақты тұру үшін келгендер негізінен Алматы қаласын таңдаған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келсе, елден кеткендер саны 12 732 адамды құраған. Көші-қон сальдосы 16 550 адамды құраған. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалып келеді.
2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 15,3 пайызға артып, ал сыртқа көшіп кеткендер саны 20,9 азайған.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан келгендердің үлесі 81,6 пайыз болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 74,8 пайыз болған. Басқа елдердің ішінде көшіп келгендердің көпшілігі Қытайдан, Моңғолиядан және Түркиядан болған, ал басқа елге кеткендердің басым бөлігі Германия, Польша және АҚШ-қа кеткен.
Шетелден тұрақты тұру үшін келгендер негізінен Алматы қаласын (6 260 адам), сондай-ақ Алматы (4 788) және Маңғыстау (3 680) облыстарын таңдаған. Керісінше сыртқа кеткендердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан (2 133 адам), Қарағанды (1 588) және Шығыс Қазақстан (1 195) облыстарында тіркелген.
Ал ел ішінде көшіп-қонушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 47,6 пайызға өскен. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде оң сальдо қалыптасып отыр, олар Астана (73 238 адам), Алматы (36 061 адам), Шымкент (9 361 адам) қалалары мен Алматы облысы (2639 адам).
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Осе жерден тоқтатамын": Қазақстанның тағы бір танымал спортшысы ажырасып кеткенін мәлімдеді
13.03 -
-
-
-
-
Қазақстанға шетелдіктер жиі көшіп келе бастаған: олар тұрақты тұру үшін қай өңірлерді таңдайды
13.03