• 14-03-2025

Синоптиктер ескертеді: еліміздің бірнеше өңірінде жауын жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" ертең, 6 наурыз күні еліміздің бірнеше өңірі жауын-шашынды және көктайғақ болатынын ескертті , деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2025 жылдың 07-08 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен қатты жауын-шашын (жаңбыр) болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

6 наурызда Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 06 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

6 наурызда түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

6 наурызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

6 наурызда Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Жезқазғанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

6 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында қар, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, оңтүстікке ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, оңтүстікке ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.