Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына қосылуы мүмкін
Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына енуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары ...
Газа секторындағы ахуалдың оңалар түрі жоқ.
Керісінше күн өткен сайын ушығып бара жатыр. Тұрғындар бір үзім нанға зар. Шұғыл түрде шара қабылдап, мәселені шешпесе, халық қырғынға ұшырайды деген қауіп бар.
Газа секторы. Ұзын-сонар кезек. Ыдысын құшақтаған жүздеген адам бірінің артынан бірі тізіліп, қаладағы жалғыз қайырымдылық асханасының алдына жиналған. Себебі мұнда волонтёрлер тегін тамақ таратады.
Абу Омар, қайырымдылық асханасының ұйымдастырушысы:
- Асхана шамамен 20 мың адамға қызмет көрсетеді. Жоспарымыз бойынша Рамазанда тұрғындарға ет пен күріштен тамақ беруіміз керек еді. Бірақ шекараның жабылуы мен нарықта тауарлардың тапшы болуынан жай ғана күріш пен сорпа беруге мәжбүрміз.
Шекараның жабылуынан тек азық-түлік қана емес, дәрі-дәрмек пен басқа да тұрмысқа қажетті заттардың тапшылығы туындаған. Асхана қызметкерлері күніне мыңнан астам адамға тамақ таратады. Бірақ соның өзі көп ұзамай қолжетімсіз болып қалуы мүмкін. Себебі азық-түлік қоры таусылып барады.
Алаа Шараб, волонтёр:
- Барлық керек-жарақтар шекара арқылы келеді. Егер кеден бекеттері ашылмаса, біз адамдарға күнделікті тамақ бере алмай қаламыз. Асхана күн сайын 1200-ге жуық адамға тамақ таратады. Бұл аз көрсеткіш емес.
Газа секторында гуманитарлық көмек беретін ұйымдардың айтуынша, шекараның жабылуы ұзаққа созылса, аштық пен әлеуметтік шиеленіс күшейеді. Қазіргі таңда Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім тоқтап тұр.
Абу Омар, қайырымдылық асханасының ұйымдастырушысы:
- Шекаралардың жабылуы біздің барлық жоспарымызды бұзды. Қымбатшылық пен тапшылық жағдайды ушықтырып жіберді.
Осылайша мыңдаған адам Рамазан айында өмір үшін арпалысуға мәжбүр. Еріктілер бар күшін салып жатқанымен көмек жеткіліксіз.
Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына енуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары ...
Әлішер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты ...
Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы ...