
17 наурызда Алматыда "Таза аула" акциясы басталады. Шара аясында қала тұрғындарына үйлерінің қоршауын, қақпасын, есік алдындағы орындықтарды сырлауға арналған бояу мен еріткіштерді тегін беріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция үй маңындағы аумақтардың эстетикалық көрінісін және жеке тұрғын үйлердің қоршауларын жақсартуға бағытталған.
Науқанға Алматы қаласының тұрғындары қатысады. Тұрғындарға қоршауларды, қақпаларды, орындықтар мен беседка сырлауға арналған тегін бояу мен еріткіштер беріледі. Оны алу үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жүгіну қажет. Бояу мөлшері шектеулі – бір қатысушыға 2 кг.
Әкімдік өкілдері науқан төрт кезеңнен тұратынын еске салып өтті. 7 наурызда "Таза аулалар" деп аталатын үшінші апта басталады. Осы аптаның аясында аула аумақтарын тазалау және сырлау; балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру, көгалдандыру, "Үздік коммуналдық қызметкер" байқауын өткізу жоспарланған.
"Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды бояу" акциясы 2024 жылы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының бірінші кезеңі аясында өткізілген. Содан кейін ол қала тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырған. 4240 литр бояу мен 590 литр еріткіш шығарылды.
Осы орайда Алматы әкімдігі тұрғындарға науқанға қатысуға және Алматыны абаттандыруға үлес қосуға шақырды.
Бояу материалын алу үшін төмендегі мекенжай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады:
- Алатау ауданы – Веселов көшесі, 18 "А", Мадияр: +7 (707) 305 9292
- Алмалы ауданы – Төле би көшесі, 67, Керімхан: +7 (747) 555 21 20
- Әуезов ауданы – Мамыр-1 шағын ауданы 26/1, Диас: +7 (708) 708 38 70
- Бостандық ауданы – Тәжібаев көшесі, 155 "А", Айбек: +7 (747) 341 78 72
- Жетысу ауданы – Тихов көшесі, 87 "А", Нұрберген: +7 (747) 772 74 78
- Медеу ауданы – Пушкин көшесі, 72, Абай: +7 (707) 415 59 29
- Наурызбай ауданы – Байсұлтанов көшесі, 1/2, Олжас: +7 (708) 100 20 04
- Түрксіб ауданы – Шолохов көшесі, 9, Айнұр: +7 (777) 294 14 41