Шымкентте айналма жол жаңғыртылып жатыр
Шымкентте транзиттік маңызы жоғары А-2 айналма жолын жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Ірі жобаға бюжеттен 30 млрд ...
Шымкент қалалық перинаталды орталығының тәжірибелі дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева "Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі" диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер әйелді кесарь тілігі арқылы босандырып алды.
Бірақ туған кезде нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалған. Неонатолог дәрігерлер жедел түрде сәбиге алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды.
Қазір бала мен оның анасының жағдайы жақсы. Сәбидің денсаулығы жақсарғаннан соң екеуі де үйге шығарылды.
Нәрестенің анасы перзентін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Шымкентте транзиттік маңызы жоғары А-2 айналма жолын жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Ірі жобаға бюжеттен 30 млрд ...
Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханасынан түсірілген видео кеңінен тараған еді. Кад ...
Шымкенттегі инфекциялық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір науқасты дәліз еденіне мат ...