Туристерге Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынды
«Бурабай» ұлттық паркінде Жұмбақтас табиғи ескерткішке кіру жабылды. Бұл туралы парктың Instagram парақшасында ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы: «Енді бірқатар мәселеге арнайы тоқталып өткім келеді. Ең алдымен қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікірімді айтайын. Салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды. Бұл туралы жаңа ғана белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев жақсы айтып өтті. Сондай-ақ Құрылтай мүшелері Қайырбек Арыстанбеков, Марат Башимов, Ерлан Саиров, Расул Рысмамбетов және Мұрат Әбенов салық-бюджет мәселесіне қатысты орынды пікір білдірді. Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін адамға түсінікті тілмен жеткізу керек»
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың IV отырысы биыл Бурабайда өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
«Бурабай» ұлттық паркінде Жұмбақтас табиғи ескерткішке кіру жабылды. Бұл туралы парктың Instagram парақшасында ...
Бурабайда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Онда депутаттар мен сара ...
Бурабай көлінің жағасында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет пор ...