
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елімізде ғылым қалашығын құруға қатысты пікір білдірді. Бұл туралв Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Дегенмен Қазақстанда әлі күнге дейін бірде бір ғылым қалашығы жоқ.
Алматы іргесіндегі "Алатау" инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру туралы идея бар екенін білемін. Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек
Ғалымдардың пікірінше, тиісті дәстүрі мен тәжірибесі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бірақ мынаны ескерткім келеді: осы жоспардың бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуге тиіс. Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық. Сұрауы қатты болады", — деді мемлекет басшысы.
TOP
-
-
«Сүйінші Торғай жұрты»: Ерқанат Көпжасар Ұлттық Құрылтайдан ақжолтай жаңалық жеткізді (ВИДЕО)
14.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаев "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылмақ
14.03 -
-