Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым “Ерлігі үшін“ медалімен марапатталды
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды, — деп хаб ...
Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қастерлі қос мерекенің қатар келуін бәріміз жақсылыққа балаймыз. Ең алдымен, қасиетті Рамазан айында тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын дегім келеді. Сондай-ақ, бүгін баршаңызды Әз-Наурыздың бастауы – Көрісу күнімен құттықтаймын! Халқымыз үшін қастерлі қос мерекенің қатар келуін бәріміз жақсылыққа балаймыз. Осындай берекелі сәтте Көкше жерінде арнайы бас қостық. Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын өткіздік. Мазмұнды әрі мағыналы жиын болды. Көптеген салмақты ұсыныс айтылды. Қоғамды толғандырып жүрген маңызды мәселелер көтерілді", — деді Тоқаев.
Президент Рамазан айындағы игі амалдар ынтымақ-бірлігімізді арттыра түсетінін айтты.
"Рамазан айы – айлардың сұлтаны. Осы кезде азаматтарымыз игі амалдар жасауға тырысады. Мұқтаж жандарға көмектеседі. Иман келтіріп, рухани жағынан тазарады. Түптеп келгенде, мұның бәрі жұртымыздың ынтымағын арттырады. Берекелі бірлігімізді бекемдей түседі. Біз озық ойлы ұлт ретінде тек алға қадам басуымыз керек. Қазіргі бұлыңғыр, тұрақсыз әлемде халқымыздың тұтастығы аса маңызды. Сондықтан, бәріміз саналы, сабырлы болайық, ағайын!" — деді Тоқаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды, — деп хаб ...
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, — деп хабарлайды Mass ...