Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Болашақ жұмысшы мамандар сыбайлас жемқорлықпен қалай күреседі?
Алматылық колледж студенттері «Заң мен тәртіп: болашақ жұмысшылардың көзімен» байқауында қоғам дертіне айналған мәселеге өз көзқарасын білдірді. Жарыс тақырыптық бейнеролик және шығармашылық жұмыстарды көрсетуге бағытталған екі кезеңді қамтыды. Жастардың қолдарынан шыққан дүниелер кісі қызығарлық. Оның қатарында мүсін, картина, инсталляциялар бар. Студенттер әлеуметтік желіні сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін кеңінен қолдануға болады,-деп есептейді. Сөйтіп, мессенджер арқылы чат-бот жасап ұсынған. Байқауға мегаполистегі 60 колледжден 200-ге жуық студент қатысты. Үздік жұмыстар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыйлығына ие болды.
Қанат Сәлімбаев, СЖҚІҚА Алматы департаменті превенция басқармасының басшысы:
- Конкурстың мақсаты сыйақы емес көбірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тарту болып есептеледі. Яғни келешекте жастар сыбайлас жемқорлықтың қатері ол мемлекетке, халыққа кері әсер ететінін жөнінде түсіндіру жұмыстары болып есептеледі. Қуаныштысы көптеген студенттер колледждің өздерінің ой- пікірлерін шығармашылық проектілер арқылы білдіруде.
Хадиша Оразбай, колледж студенті:
- Біз мессенджерде чат-бот жасадық. Ол жердегі ақпарат бәрі нақты болады. Жұмысымыз бірінші орын алды. Сыбайлас жемқорлықты болдырмауға әрбір азамат атсалысу керек, деп есептеймін.Сонда қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет дами түседі.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...