Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Шығыс Қазақстандағы колледждерде логистер, кеме жүргізушілері және дрондарды басқару бойынша кәсіби операторлар дайындалады.
Биыл өңірде сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша жаңа бағыттар ашу жоспарланған. Колледждер өндірістік тәжірибеге ерекше көңіл бөліп, дуалды білім беру үлесін арттыруға ниетті. Қазір елде энергетик мамандардың тапшылығы байқалады. Осыған байланысты Өскемендегі екі негізгі жылу электр орталығында кадрлық резерв әзірленіп жатыр. Цехтарда екінші курс студенттері тәжірибеден өтіп, жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар өңірдегі өндіріс алаңдарында 56 мамандық бойынша дуалды оқыту ұйымдастыру жоспарланған.
Алима Ақылбек, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Биылғы жылы дуалды оқытудың бағыттарын көбейткелі жатырмыз. Ол үшін бізде жаңа мамандықтар ашылады. Жаңа мамандықтар — авиация, су көлігі бағыты, ауыл шаруашылығы, энергетика бағыттары бойынша ашылады. Сол мамандықтар бойынша балаларды алғанда дуалды оқытуды кеңітетін боламыз.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...