• 16-03-2025

Абай облысында полицейлер мыңнан астам көлікті қар құрсауынан алып шықты (видео)

Абай облысында 1000-нан астам автокөлік полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында межелі бағытын сәтті еңсерді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қиын метеорологиялық жағдайларда әрбір жүргізушінің қауіпсіздігі – полицияның басты міндеті. 1000-нан астам автокөлік полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында қауіпсіз жерге жете алды.

"Citic Construction Co" мердігер ұйымының арнайы техникасының және патрульдік полицияның қолдауымен автоколонна ұйымдастырылып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Көліктердің қозғалысы екі бағытта – Аягөз қаласынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін және кері бағытта жүргізілді.

Құқық қорғау органдарының үйлесімді іс-әрекеттері жол қозғалысын бақылауға алып, қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп, ықтимал қауіптерді барынша азайтуға мүмкіндік берді.