
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Виктория Графеева Сербияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
60 келі салмақта финалда қазақстандық спортшының қарсыласы ресейлік спортшы Нунэ Асатрян болды.
Жекпе-жек барысында Виктория қарсыласының күшті соққыларынан өзін шебер қорғады, десе де төрешілер бәрібір Асатрянды басым түсті деп таныды. Кездесудің қорытындысы 0:5 есебімен ресейліктердің пайдасына шешілді.
Осылайша отандық спортшы 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, 24 жастағы Графеева Қазақстан құрамасының қазіргі әлем чемпионатында дебютанты. Бұған дейін ол 2024 жылы Таиландта Азия чемпионы атанған болатын.
Осылайша, Графеева Қазақстанға төртінші медальды әкелді. Бұған дейін алтынды Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова алса, тағы бір қоланы Наталья Богданова иеленген болатын.
Артынша Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі Аида Әбікеева мен Елдана Тәліпова финалдық кездесулерде Қазақстан қоржынына тағы екі медаль салды. Аида алтын медаль еншілесе, Елдана күміс медальды қанжығаға байлады.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Переход к более ответственному перед обществом государству: Политолог о реформах Касым-Жомарта Токаева
17.03 -
-
-
-