«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көп балалы ана болғысы келетінін айтты
Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде орынсыз сұрақ қойған оқырмандарына ренішін білдірд ...
Жігіттер квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек әйелдерді көп балалы ана болуға шақырды.
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің айтуынша, әр отбасыда кемі 7-8 баладан болу керек.
”Мына кең байтақ жерді қазаққа толтыру керек. Көп жастар отбасын құрып, 2-3 баламен шектеліп қалып жатыр. Асыраудан қорқып, жағдай жасап алсақ, осылардың өзін жеткізсек деп жүргенде уақыт өтіп жатыр. Уайымдамай көбейіңдер, кейін рахатын көресіңдер. Әрбір отбасыда кемі 7-8 бала болу керек. Бұл маған да қатысты. Әйелдерге ойланбай, уайымдамай, алаңсыз өмірге көп бала әкелуіне еркектер жағдай жасауымыз керек”, — деп жазды ол.
Әншінің бұл ойына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі саннан бұрын сапа керегін алға тартты.
”Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Мына қымбатшылық заманда оларды қалай асырайды екенбіз? Ақылгөйсімеңдерші”, “Сапаны ұмытпайық”, “Сосын кең байтақ жерге киіз тігіп тұрамыз ба”, “Сен әніңді айтып жүре берші, мұндай мәселеге араласпашы”, “Негізі дұрыс айтып отыр, Алла өзі несібесін береді, қазақ көбею керек”, — деп жазды олар.
Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде орынсыз сұрақ қойған оқырмандарына ренішін білдірд ...
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 34 жастағы келіншек Айым Сүйеуқұлова 12-ші балаларын күтіп жүр. Отбасындағы 11 бал ...